• Басты бет
  • /
  • 2023 жылдың 1 тамызында "Жақсылық жаса"республикалық акциясы басталды
2023 жылдың 1 тамызында "Жақсылық жаса"республикалық акциясы басталды

"Жақсылық жасау - әр адамның парызы" – Абай Құнанбаев.


2023 жылдың 1 тамызында "Жақсылық жаса" Республикалық акциясы басталды.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке баратын жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға зейіні мен шынайы қамқорлығын көрсете алады.
Акцияның мақсаты-әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету.
Қостанай қаласының №19 мектебі балаларын мектепке жинау кезінде отбасылары қиын жағдайға тап болған балаларға бей-жай қарамайтындардың барлығына ризашылығын білдіреді.
Кез келген демеушілік көмек құпталады: мектеп кеңсе тауарлары, рюкзактар, мектеп және спорт формалары, аяқ киім.
Мектепте осы акцияны өткізу туралы сұрақтарды түсіндіру бойынша қабылдау бөлмесі ашылды. Мектепке сағат 9-дан 17-ге дейін әлеуметтік педагог кабинетіне хабарласуға болады.